Нина мұнарасы () — Гонконгта орналасқан 80 қабатты және 42 қабатты егіз ғимарат. Алғашында жоспар бойынша мұнара биіктігі 518 м.Original version болуға тиіс еді. Алайда ғимаратқа Чхеклапкок әуежайы жақын орналасқандықтан биіктігін 319.8 м. дейін қысқартады.
«Chinachem Group» компаниясы жоспарды өзгертіп ғимаратты екі мұнараға бөледі. Кіші мұнара «Chinachem Group» компаниясының басшысы Нина Вонгты символдайды, үлкен мұнара Тэдди Вонгты бейнелейді. Ғимараттардың әртүрлі атына қарамастан кешен Нина-тауэр деп аталады.
40 қабаттан бастап 800 номерлі бес жұлдызды қонақ үй орналасқан, 10 - 39 қабаттар аралығында негізінен кеңсе орындары орналасты.
Транспорт Мұнара тұсынан Kowloon Motor Bus-тың 33A, 40, 51, 53, 73X, 234B, 278P, 278X автобус бағыттары жүреді.
Галерея
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Ресми веб-сайты Skyscraper Center бетіндегі ақпарат Emporis
Санат:Аса биік құрылыстар Санат:Гонконгтағы көк тіреген ғимараттар