Аққыр (бұрынғы атауы Көкшоқы) — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Аққыр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жалағаш кентінен оңтүстік-батысқа қарай 63 км-дей жерде, сексеуіл, селеу, жыңғыл, жантақ өскен шөлді белдемде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1964 жылы қаракөл қой кеңшары ретінде қаланды. Кеңшар 1997 жылы толық жекешелендіріліп, оның негізінде Аққыр серіктестігі құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, шағын аурухана, ауыл мешіті бар.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1386 адам (703 ер адам және 683 әйел адам) болса, 2009 жылы 1113 адамды (562 ер адам және 551 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері