Қызылтамыр, макротомия () – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейінгі аймақта, Өгем және Қаратаудың баурайлары мен жартастарында, альпі және субальпі белдемдерінде өсетін бояу қызылтамыры () және өгем қызылтамыры () деп аталатын екі түрі бар. Биіктігі 10–40 см. Тамырының жуандығы 2 см-дей. Сабағы тік, жапырағы қандауыр пішінді ұзын (ұзындығы 10–15 см, ені 5–10 мм). Өсімдіктің сыртын түк жапқан. Гүлдері шоғырбас гүлшоғырына топталған. Тостағанша жапырақшалары 5 бөлікке тең бөлінген. Күлтелері түтікше тәрізді, қызыл қошқыл түсті. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісі жаңғақ. Қызылтамырдан бояу алынады.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Айлауықтар