Жер () — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Пиреней тау бөктерінде орын тепкен.
Жер аумағы — 6,29 мың. км². Әкімшілік орталығы — Ош қаласы. Атауы Жер өзенінен шыққан. Құрамында 31 кантон бар.
Ұлттық құрамы (172,3 мың. тұрғын, 1999) — француздар және (шамамен 10 %) иммигранттар (негізгі бөлігі испандықтар). Ресми тілі — француз, бірақ департаменттің оңтүстік бөлігіндегі кейбір тұрғындар гаскон тілін қолданады. Жер департаментінің ескі қалалары — Кондом, Лектур, Марсиак, Флеранс.
Климаты Климаты — теңіздік (орташа температурасы қаңтарда 4,8 °C, шілдеде — 20,5 °C).
Экономикасы Департаменттің негізгі экономикасы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бидай, жүгері, жүзім өсіріледі.
Мал шаруашылығымен оңүстік таулы амақтарында айналысады (ірі қара, шошқа, қашыр). Өнеркәсіп нашар дамыған. Басты кәсіп — ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату (ұн өнеркәсібі, шарапшылық).
Департаменттің әкімшілік орталығында ауыл шаруашылық тауарларын сатумен айналысады.
Тарихы Департаменттің тарихы аумағы Гасконға тиесілі болған.
Назар аударарлық орындары Ескі Фларан аббатствосы. Бұрынғы цистерциандық монастырь, қазір Баиз өзенінің жағалауындағы мұражай.
Сілтемелер Ресми саты (француз тілінде)
Тағы қараңыз Жер департаментінің коммуналары
*