Ақиқа () — араб тілінде «кесу, қию» мағынасын беретін «иқ» () сөзінен шыққан және негізінде жаңа туған нәрестенің шашына қолданылады. Шариғатта: нәресте туғаннан кейін оның шашы қиылғанда мал сойып, құрбан шалу. Және бұл баланың ата-анасындағы ақысы саналады«Әл-фиқһ әл-муяссар фи дау әл-Китаб уәс-Сунна». Бірнеше хадистерге сәйкес ақиқа бекітілген сүннет саналады. Мысалы:
Ақиқа шарттары Ақиқаны бала туған соң жеті күннен бастап балиғат жасына жеткенге шейін орындауға болады. Сүннет бойынша ер балаға екі қой, қыз балаға бір қой сойылу керек. Және осы күні балаға ат қойылу керек. Есім таңдағанда жақсы мағыналысын таңдап, жаман мағына беретіндерімен атаға болмайды. Ибн Омардан келген хадиске«Сахих Муслим» 3/1682 сәйкес ең жақсы аттар: Абдуллаһ () пен Әбдуррахман (). Сүннет бойынша баланың ата-анасы ақиқа күні қиылған шашты өлшеп, сол мөлшердегі күміспен садақа ету керек. Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан:
Имам әт-Тирмизи келтірген хасан хадстеӘт-Тирмизи (1514); Шейх әл-Альбани хасан деген («Сахих әт-Тирмизи», 1224) Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Хасан ибн Әли туғанда оның оң құлағына азан айтып, сол құлағына қамат айтқан.
Дереккөздер
Санат:Ислам мейрамдары