Қабидолла Тұрғымбаев ауылы (1998 жылға дейін — Шобанкөл)Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Шобанкөл ауылын Қ. Тұрғымбаев ауылы деп қайта атау туралы — Қостанай облысы Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Әулиекөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106 км-дей жерде, Шабанкөл көлінің жағалауында орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауыл тұрғындарының саны 1640 адам (822 ер адам және 818 әйел адам) болса, 2009 жылы 482 адамды (232 ер адам және 250 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы 1996 жылға дейін ауыл Шабанкөл аталды. 1960 – 1996 жылдары асыл тұқымды мал өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Тұрғымбаевта “Шабанкөл” ЖШС және 40-қа жуық шаруа қожалықтары құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

Дереккөздер

Санат:Әулиекөл ауданы елді мекендері