Милютинка — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Милютин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жітіқара қаласынан оңтүстікке қарай 30 км-дей жерде, Шортанды, Тобыл өзені аралығында құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1152 адам (576 ер адам және 576 әйел адам) болса, 2009 жылы 1218 адамды (583 ер адам және 635 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың 30-жылдары қаланды. 1932- 96 жылдары астық өсірумен айналысатын кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде Милютинкада бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы елді мекендері