Тұрақты өкілдік - мемлекеттің шетелде, халықаралық ұйымдардың жанынан ашатын сыртқы қарым-қатынас органы. Тұрақты өкілдіктердің құқықтық жағдайы 1975 жылғы мемлекет өкілдігі және олардың халықаралық ұйымдармен қатынасы жөніндегі Вена конвенциясында анықталған. Тұрақты өкілдікке де дипломатиялық өкілдік пайдаланатын барлық дипломатиялық иммунитет пен артықшылықтар беріледі. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Санат:Дипломатия