Жаңатұрмыс — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Жаңатұрмыс ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Құлан ауылынан шығысқа қарай 26 км жерде, нарғия, жусан, т.б. шөптер өскен бозғылт қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен2446 2415 98,7 1218 1217 99,9 1228 1198 97,6

Тарихы Іргесі 1930 жылы “’’’Жаңатұрмыс’’’” қой өсіретін ұжымшар ретінде қаланған. Оның негізінде Жаңатұрмыста 1997 жылдан өндірістік кооператив, шаруашылық серіктестігі мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта және бастауыш мектеп, кітапхана, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт пен фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары аудан орталығымен және көрші мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы елді мекендері