Аққұдық — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Алабота ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 72 км-дей жерде, Алабота көлінің оңтүстік-батысында 12 км жерде, Жарық пен Жандысу өзендерінің су айрығында, Есіл жазығындағы селеу аралас әртүрлі шөп өскен қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Жақын теміржол стансасы - Золоторунное (12 км жерде).

Тарихы Іргесі алғаш 1929 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932 жылдан “Алабота” астық кеңшарының орталығы болды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1415 адам (704 ер адам және 711 әйел адам) болса, 2009 жылы 1112 адамды (549 ер адам және 563 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Инфрақұрылымы Аққұдықта тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорны, орта мектеп, клуб, аурухана бар. Бұрынғы кеңшар негізінде кооператив шаруашылығы (фермер) қожалықтары ұйымдастырылған. Аққұдық арқылы Көкшетау - Омбы автомобиль жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы елді мекендері