Мырзабек Исполұлы Бәйкенов (1955 жылы туған) – химия ғылымдарының докторы (1999), профессор (2003).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1979). Қазақстан Ғылыми Академиясының Органикалық синтез және көмір химиясы институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер (1983–1985) аға ғылыми қызметкер (1985–1995) зертхана меңгерушісі болды (1996–1999). 2000 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері 1997 жылы «Каталитическая гидрогенезация угля и высоковязкой нефти» деген тақырыпта докторлық диссертатциясын қорғады. 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы.ҚР ғылымы

Дереккөздер

Санат:1955 жылы туғандар Санат:Қазақстан химиктері Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары