Шәкен Ниязбеков ауылы (2021 жылға дейін – Бесжылдық)Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің Бесжылдық ауылын Шәкен Ниязбеков ауылы деп қайта атау туралы — Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округінің құрамында.
Географиялық орны Аудан орталығы — Аса ауылының шығысында 15 км жерде, құрғақ қоңыржай-жылы агроклиматтық белдемде орналасқан. Топырағында жусан, баялыш, күйреуік, бетеге, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптер өседі.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1371 1478 107,8 669 770 115,1 702 708 100,9
Бесжылдықта шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Ауыл маңы табиғаты Ақтөбе қалашығы - ауылдан 0,5 км жерде. Машахай төбесі - ауылдан 5 км жерде орналақан, биіктігі 5 м, төбесі қазіргі кезде бейіт.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері