Боран — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы ауыл, Боран ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Марқакөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 72 км-дей жерде, Қалжыр өзенінің Қара Ертіске құяр сағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен24061506 924 61,4 753 487 64,7 753 437 58
1995 жылға дейін “Боран” қой кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде өндіріс кооперативтері, шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда мектеп, аурухана бар. Тұрғындары аудан орталығымен және т.б. елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Марқакөл ауданы елді мекендері