Боранқұл — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы ауыл, темір жол бекеті.

Географиялық орналасуы Аудан орталығы — Бейнеу кентінен солтүстік-батысқа қарай 108 км жерде, Каспий маңы ойпатындағы Қарақұмның оңтүстік-шығысында шөлді белдемде орналасқан«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том.

Халқы 1979 1989 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 4206 2800 4913 6310 7277

Тарихы Іргесі 1948 жылы осы маңда мұнай кенін іздеуге байланысты қаланған. Алғашында “Опорный” деп аталған. Бұрынғы “Қарақұм” қой кеңшары негізінде өндірістік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Ауылда тұрмыс қажетін өтеу мекемесі, үш орта мектеп, аурухана бар. Боранқұл арқылы Орта Азия — Орынбор газ құбыры, Өзен — Самара мұнай құбыры және Қоңырат — Құлсары су құбырлары өтеді.

Ауыл шаруашылығы Ауылда 27 шаруа қожалықтары бар. Ауыл аумағындағы шаруа қожалықтары мен жеке үй шаруашылықтарында 898 бас сиыр, 17454 бас қой, ешкі, 421 бас жылқы, 1918 бас түйе барБоранқұл селолық округі əкімінің есебі.

Дереккөздер

Санат:Бейнеу ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері