Шүйілу (франц. pіguer une tete – баспен жерге құлау) – ұшақтың (планердің, қанатты ракетаның) тұрақты бұрышты траекториямен төмен құлдилауды орындайтын пилотаждық фигурасы. 30 градусқа дейінгі бұрышпен шүйілу – көлбеу, 30 градустан жоғары болса – құламалы, 90 градусқа жақын шамада – тік деп аталады. Шүйілу әуе ұрысында, бомба тастауда, ракета жібергенде, жер үсті (теңіз) нысаналарын атқанда, зениттік зеңбіректерге және ракеталарға қарсы маневрлерде, сонымен қатар тез төмендеу қажет болғанда қолданылады."Қазақ Энциклопедиясы",9 том

Дереккөздер

Санат:Әскери іс