right|thumb|100px|Цилиндр Цилиндр ( — білік, цилиндр)Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2 цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны; тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі , h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі. сыртқы не ішкі цилиндрлік беттері бар тетік.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006. цилиндр мен өзегі бар поршеннен тұратын құрылыс. Цилиндр еместік () — цилиндірліктен ауытқу, қалыпты ұзындықтың бойында алынған нақты беттің нүктелерінен жанама цилиндрге дейінгі ең үлкен қашықтық. Цилиндрлік () — нақты беттің жанама цилиндрге жақындығы.

Көлікте қолданылатын цилиндрлердің түрлері Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі - поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр. Қозғауыш цилиндрі - қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр. Екі жолды цилиндр - екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр. Жұмыстық тежеуіш цилиндр - цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі. Цилиндроид 150px|thumb|rightЦилиндроид ( - цилиндр және eides — тәрізді) — бағыттаушылар деп аталатын екі қисық сызықпен қиылысатын және параллелизм жазықтығы деп аталатын жазықтыққа параллель орналасатын түзулердің жиыны анықтайтын бет.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Цилиндрлер блогі Цилиндрлер блогі- бірнеше цилиндрлардың бір тұтас байланысуы.

Қиық цилиндр нобай

Қиық цилиндр – цилиндірдің табанына параллель емес жазықтың қиған бөлігі. Дөңгелек қиық цилиндрдің көлемі.

Бүйір бетінің ауданы, (bb-бүйір беті) толық бетінің ауданы

, (mb-толық беті)

Мұндағы - табанындағы шеңбердің радиусы, және - сәйкес түрде цилиндрдің ең ұзын және ең қысқа жасаушыларының кесіндісі."Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X

Дереккөздер

Санат:Геометриялық фигуралар