Тұзөнген — Тобыл алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Фёдоров ауданында орналасқан. Костычевка ауылынан солтүстік-шығыста 3 км, теңіз деңгейінен 194,0 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 10,6 км2, ұзындығы 3,6 км, ені 3,6 км. Су жиналатын алабы 42,5 км2. Жауын-шашын суымен толығады.

Жағалау сипаты Шығыс жағасы тік жарлы, батыс және солтүстік-батысы түйетайлы. Суы таяз жағалауында қамыс өседі. Алабы – жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Фёдоров ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы