Ванюков Андрей Владимирович (3.2.1917, Ресей, Төменгі Новгород қ. — 7.9.1986, Мәскеу) — ғалым, тех. ғыл. докт. (1960), проф. (1961).
Мәскеу түсті металдар ин-тын бітірген (1941). Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандағы кен-металлургия ин-тында жұмыс істеді. Ванюковтың негізгі ғылыми жұмыстары Норильск, Балқаш кен-металлургия комб-тарындағы, Орта Орал мыс қорыту зауытындағы мыс, мыс-никельді, мыс-мырышты және темір кентасты шикізаттарды өңдеудің теориялық негізін салуға және оларды өнеркәсіптік жолмен игеруге арналған. Оның ғыл.-зерт. жұмыстарының ең көрнектісі сульфидті концентраттарды сұйық астауда балқыту әдісімен (Ванюков әдісі) қайта өңдеу процесі болды. Бұл процесс шлак балқымаларына пеш бүйіріндегі фурмалардан (саңылаулардан) оттек үрлеу арқылы жүргізіледі. Сөйтіп сульфидтердің балқуы және оның тотығуы жоғарыдан төмен қарай қозғалатын сұйық шлак ішінде өтеді. Қазіргі кезде Балқаш кен-металлургия комб-нда мыс шикізатын сұйық астауда балқыту негізінде өңдеу кешені құрылған.
В. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі”, т.б. орден және медальдермен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:3 ақпанда туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:Төменгі Новгородта туғандар Санат:7 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Мәскеу түсті металдар институты түлектері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері