Алмалы — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Басқұншы ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласының солтүстік-шығысында 30 км-дей жерде, Қытай шекарасынан батысқа қарай 5 км-дей жерде орналасқан. Ауыл Іле аңғарының қуаң агроклиматтық белдемінде жатыр.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28033007 3396 112,9 1506 1730 114,9 1501 1666 111

Инфрақұрылымы Мұнда орта мектеп, клуб, кітапхана т.б. мәдени орындар бар. Ауылдың кіре берісіндегі жол бойында ұзындығы 2,5 км болатын алма бағы орналасқан. Алмалы жанынан ауданы 25 км2 болатын ежелгі Алмалы қаласының орны табылған. Тұрғындары аудан орталығы — Жаркент қаласымен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері