Біржан Берденұлы (1890, бұрынғы Ақмола губерниясы Қызылжар уезі, Қызыл әскер болысы, 1-а. — 10.6 1922, сонда) — ақын, ұстаз.

Сауатын ескіше ашқан. Троицк қаласына барып, екі жылдай діни медреседе және орысша оқиды. Ресей патшасының 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығына орай, Қызылжар қаласынан тізімге алынып, Двина бойындағы Крейнсбург қаласы төңірегінде 1-дүниежүзілік соғыс майданының қара жұмысында болады.

Сол майдан шебіндегі қазақ жастарының өмірін суреттейтін, “Прием” атты дастан жазады. Дастан оқиға желісіне қарай шағын тақырыпшаларға (“Қызылжар казармасының тамағы”, “Ұзақ жол”, “Алғашқы әсер”, “Майданда”, т.б.) бөлінген. Ақын Қызылжар қаласынан шыққан күннен бастап, қайтып оралғанға дейінгі көрген-білгендерін қаз-қалпында баяндай отырып, елінен ұзап көрмеген қазақ жастарының басына түскен ауыр зобалаң мен қиыншылықты, соғыс көріністерін жас боздақтардың түсінік-танымы деңгейінде көркем бейнелеп беруге тырысады. Дастанда сарғайып түңілуден гөрі, ертеңгі болашаққа деген сенім, жігер-қайрат айқын сезіледі.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1890 жылы туғандар Санат:Қызылжар уезінде туғандар Санат:10 маусымда қайтыс болғандар Санат:1922 жылы қайтыс болғандар Санат:Қызылжар уезінде қайтыс болғандар Санат:Қазақ ақындары Санат:Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылар