Буферлік қор, аралық қор — кәсіпорын қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті, айналым капиталына жататын босалқы қор. Буферлік қор қысқа мерзімді берешек пен босалқы қорлардың көзі болып табылатын капиталдардан қаржыландырылады. Мұндай қор тұрақты болуға тиіс және өндірістік құрылымның, фирманың шикізатпен, материалдармен жабдықталуына, шикізат бағасына қарай шаруашылық қызметтің болжалды нәтижелерін басшылыққа ала отырып есептеледі. Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Буферлік қор · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.