Буревестник — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Буревестник ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Қарамеңді ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 86 км жерде, Қарғалы тауының бетеге, боз, қау өскен баурайында орналасқан.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1988 адам (983 ер адам және 1005 әйел адам) болса, 2009 жылы 1573 адамды (783 ер адам, 790 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1962 жылы тың игеруге байланысты қаланған. Буревестникте бұрынғы «Буревестник» астық кеңшары негізінде өндірістік кооператив, шаруа қожалықтары құрылған.

Астық қабылдау пункті, электр станция, орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, т. б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том..

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы елді мекендері