Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару ісін жүзеге асырады.

Тарихы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 жылы 29 маусымда 1 Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Қазақ КДСР халық шаруашылығын басқару органы (1920- 1936 жж.), Алматы, 1981,43-6. КСРО Мембанкінің Қазақ аумақтық кеңсесі ретінде2 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан -2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 428-432 б. (Құрастыру- шылардың ескертпелері). ашылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-дегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заңы және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне өтіп, Орталық банк болып бекітілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.ҚРҰБ-ның тарихы

Негізгі функциясы Ұлттық Банк өз құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.

Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді, сондай-ақ, егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға қолдау танытады.

Ұлттық Банктің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі: мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi; Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады; банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады; төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады; Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерiн басқарады; қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды, қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

Басқару құрылымы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын 6 жылдық мерзімге тағайындайды және лауазымынан босатады.

Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы — Басқарма, ал жедел басқару органы — Директорлар кеңесі саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады. Басқарма құрамына Ұлттық Банк Төрағасы және Ұлттық Банктің төрт лауазымды өкілі, Қазақстан Президентінен бiр өкiл, Қазақстан Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.

Директорлар кеңесiнiң құрамына Ұлттық Банк Төрағасы, оның орынбасарлары, Ұлттық Банк құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi.

Ұлттық Банктің құрылымы 1. Орталық аппарат: департаменттер; басқармалар.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары: орталық филиал (Астана қаласы); республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар; Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар; Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары: «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы

Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» акционерлік қоғамы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (64%) «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамыҰйымдар және еншілес кәсіпорындар «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» акционерлік қоғамы «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (47%)

ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы Ақша-кредит саясаты комитеті Төлем балансы департаменті Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті Қаржылық технологиялар департаменті Төлем жүйелері департаменті Бухгалтерлік есеп департаменті Операциялық есепке алу департаменті Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі Ішкі аудит департаменті Қауіпсіздік департаменті Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы Тәуекелдер және комплаенс департаменті Монетарлық операциялар департаменті Халықаралық ынтымақтастық департаменті Заң департаменті Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қаржы департаменті Адам капиталын дамыту департаменті Әкімшілік басқармасы Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті Алматы қаласындағы өкілдік Зерттеулер және талдама орталығы Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы

Ұлттық банк басшылығы Ұлттық банк төрағасы: Тимур Сүлейменов (4 қыркүйек 2023 бастап) Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары: Ерұлан Жамаубаев (17 ақпан 2025 бастап) Ұлттық банк төрағасының орынбасары: Ақылжан Баймағамбетов (26 желтоқсан 2019 бастап) Ұлттық банк төрағасының орынбасары: Әлия Молдабекова (26 желтоқсан 2019 бастап) Ұлттық банк төрағасының орынбасары: Данияр Вагапов (26 маусым 2020 бастап) Ұлттық банк төрағасының орынбасары — Ұлттық банктің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің басшысы: Виталий Тутушкин (14 наурыз 2022 бастап) Ұлттық банк төрағасының орынбасары: Бинұр Жәленов (13 наурыз 2026 бастап)

Ұлттық банк төрағалары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақытыҚазақ КСР Мемлекеттік банкі (1990–1991) Қазақ КСР, Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкі (1991–1993) 1 99px Борис Рябов 1990 1992 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (1993–) 1 99px Ғалым Байназаров 18 қаңтар 1992 20 желтоқсан 1993О назначении тов. Байназарова Г. Председателем Правления Национального государственного банка Республики КазахстанҚРҰБ-ның тарихы 2 99px Дәулет Сембаев 20 желтоқсан 1993 10 қаңтар 1996 3 99px Ораз Жандосов 10 қаңтар 1996 20 ақпан 1998 4 99px Қадіржан Дәмитов 23 ақпан 1998 12 қазан 1999 5 99px Григорий Марченко 12 қазан 1999 6 қаңтар 2004 6 99px Әнуар Сәйденов 26 қаңтар 2004 21 қаңтар 2009 7 99px Григорий Марченко 21 қаңтар 2009 1 қазан 2013 8 99px Қайрат Келімбетов 1 қазан 2013 2 қараша 2015 9 99px Данияр Ақышев 2 қараша 2015 25 ақпан 2019 10 99px Ерболат Досаев 25 ақпан 2019 31 қаңтар 2022 11 99px Ғалымжан Пірматов 3 ақпан 2022 4 қыркүйек 2023Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы. www.akorda.kz 12 99px Тимур Сүлейменов 4 қыркүйек 2023 —

Дереккөздер

Санат:Орталық банктер Санат:Қазақстан экономикасы Санат:Қазақстан банктері Ұ