Монтайтас — Түркістан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, темір жол бекеті, Монтайтас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Арыс қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде орналасқан. Ауыл төңірегінде эфемероидті өсімдіктер аралас қоңырбас, өлең, т.б. өсімдіктер өседі.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен42493248 2603 80,1 1671 1374 82,2 1577 1229 77,9

Тарихы Ауыл 1954–96 жылдары асыл тұқымды қой зауыты кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде Монтайтаста және округтегі Ақтас, Бақырша, Қабылсай, Қожатоғай, Тоғансай, Шағыр ауылдарында ӨК-тер және ЖШС-тер құрылды. Монтайтас арқылы Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том 27 бет.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Арыс қалалық әкімдігі елді мекендері