Үңгір арыстаны () — мысық тұқымдасына жататын жойылып біткен жыртқыш.
Үңгір арыстаны антропоген кезеңінде Еуропа мен Азияда тіршілік еткен. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда, үңгір арыстаны Солтүстік Америкаға Еуразиядан (плейстоценнің соңында) тараған. Қазақстанда Жайық, Есіл және Ертіс өзендерінің бойынан табылған. Олардың ең жақын арғы тектерінің бірі плиоцен кезеңіндегі Батыс Еуропада тіршілік еткен Арверн пантерасы.
Үңгір арыстанының 2 түрі анықталған: еуразиялық (Panthera leo spelaea); америкалық (Panthera leo atrox).
Үңгір арыстанының тұрқы осы кездегі ірі арыстан не жолбарыстай болған, сүйек қаңқасы, соның ішінде бас сүйегі құрылысында бұл екеуіне де тән ұқсастықтар табылған. Сондықтан үңгір арыстаны қазіргі кезде тіршілік ететін Африка және Азия арыстандары мен жолбарыстарының арғы тегі болу керек деген ғыл. тұжырым бар. Олар қазіргі арыстандарға қарағанда, суыққа төзімді болған. Тас ғасыры кезінде адамдар тасқа салған жануарлар суреттерінің ішінде Үңгір арыстанының суреті жиі кездеседі. Олар бұдан 10 — 11 мың жыл бұрын құрып біткен."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Мысықтәрізділер Санат:Жойылып кеткен жануарлар Санат:1810 жылы зерттелген жануарлар