Үштаған — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы ауыл, Ақтөбе ауылдық округі орталығы.

Географиялық орналасуы Аудан орталығы - Шетпе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 59 км жерде, Бостанқұмының солтүстік-батыс етегіндегі жазықта орналасқан"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том.

Тарихы Іргесі 1969-шы жылы ұжымшар негізінде ұйымдастырылған қаракөл қой кеңшарының орталығы есебінде қаланған. 1996-шы жылдан кейін кеңшардың таратылуына байланысты оның негізінде Үштағанда және округтегі Жарма, Сазды ауылдарында бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Халқы 1999 20092009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1552 1325 1516

Инфрақұрылымы Үштағанға Сауысқан темір жолы айырмасынан тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ұзын 30 км су құбыры тартылған. Үштаған арқылы Шетпе — Жаңаөзен автомобиль жолы өтеді.

Тарихи ескерткіштер Округ аумағында Масат әулие қорымы сақталған.

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы елді мекендері