Аборт ( – түсік) — медицинада құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14–15 аптасына жетпей ұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14–15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (диабет, инфекция, хроникалық аурулар, ішімдік ішу, есірткілер тұтыну т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Медициналық білімі жоқ адамдардың немесе рұқсатсыз орындарда жасалған Аборт «заңсыз аборт» деп аталады және Қылмыстық кодекстің 319-бабы бойынша жауапкершілікке тек дәрігерлер тартылады.Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4

ДДСҰ мәліметтері бойынша, медициналық мекемеде уақытылы және дұрыс жасалған кезде түсік жасату қауіпсіз процедура болып табылады, ауыр асқынулар жағдайлардың 1%-дан азында кездеседі. Маңызды зерттеу болып табылатын «Turnaway Study» түсік жасатпаған және қалаусыз жүктілікті мерзімінен бұрын көтеруге мәжбүр болған әйелдер кейіннен жүктілік пен босанудың күрделі асқынуларына (эклампсияға) және физикалық денсаулығының нашарлауына тап болатынын анықтады. Сонымен қатар, түсік жасатқан әйелдердің көпшілігі жылдар өткен соң бұл дұрыс шешім деп санайды және психикалық денсаулық мәселелеріне тап болмайды. Бедеулік қаупі: Жоғары сапалы процедурамен және асқынуларсыз бедеулік қаупі минималды. Сүт безі қатерлі ісігі бойынша «The Lancet» журналында жарияланған мета-талдау және көптеген жоғары сапалы зерттеулер түсік жасату мен сүт безі қатерлі ісігінің дамуы арасында ешқандай байланыс таппады. Психикалық денсаулық: Әйелдердің көпшілігі ұзақ мерзімді перспективада өкініштің орнына жеңілдік сезінеді. Психикалық денсаулық проблемалары көбінесе түсіктің өзіне емес, бұрыннан бар жағдайларға байланысты. Сондықтан, дұрыс жасалған түсік денсаулыққа зиян келтірмейді, сонымен қатар қалаусыз жүктілікті мерзімінен бұрын көтеруге қарағанда зияны аз.

Экономикалық әсері Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда Швейцария 333 миллион франк Аборты наносят вред швейцарской экономике экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну деңгейінің азаюы саналады.

Аборттың түрлері Аборт әдістері хирургиялық немесе аспаптық және медициналық болып бөлінеді. Хирургиялық әдістер ұрықты арнайы құралдармен алып тастауды қамтиды, бірақ міндетті түрде хирургиялық араласуды қажет етпейді. Медициналық немесе фармацевтикалық аборт - бұл дәрі-дәрмектердің көмегімен өздігінен түсік түсіруді туындату.

Аборттың асқынуынан болатын өлім ДДҰ мәліметтері бойынша, әйелдер қауіпсіз түсік жасатуға мүмкіндігі бар елдерде қазіргі заманғы әдістерді қолданып жасанды түсік жасатудан өлу ықтималдығы 100000 аборттың 1-ден аспайдыhttps://www.euro.who.int/__data/assets/pdf_file/0018/125370/WQ440r.pdf . Салыстыру үшін қарастырсақ, әйелдердің қауіпсіз түсік жасатуға қол жетімділігін қамтамасыз етпейтін елдерде ерте түсік жасатудың асқынуынан өлу ықтималдығы 1000 аборттың 0,9-3,5 құрайды. Жыл сайын әлемде жүктілікке байланысты себептерден қайтыс болатын 500 мың жүкті әйелдер жағдайлардың 15% қауіпті аборттың асқынуы салдарынан болатын өлім, осы өлімдердің 98% дамушы елдерге тиесілі.

Дереккөздер

Санат:Демография Санат:Жүктілік