XAMPP (/ˈzæmp/) — Apache веб-серверін, MariaDB дерекқорын басқару жүйесін, PHP сценарийлер интерпретаторын, Perl бағдарламалау тілін және толыққанды веб-серверді іске қосуға мүмкіндік беретін көптеген қосымша кітапханаларды қамтитын кроссплатформалы локальды веб-сервер пакеті.
Этимология XAMPP аты: X ("кросс" платформалы) Apache HTTP Server MySQL PHP Perl акронимінен шығады.
XAMPP пакеттері Толық нұсқасы мыналарды қамтиды:
SSL қолдауы бар Apache веб-сервері MariaDB дерекқорын басқару жүйесі (СУБД) PHP Perl FileZilla FTP-сервері (жаңа нұсқаларда жоқ) POP3/SMTP сервері phpMyAdmin утилитасы
XAMPP барлық 32-биттік Microsoft операциялық жүйелерінде (98, 2000, XP, 2003, Vista, 7), сондай-ақ Linux, macOS және Solaris жүйелерінде жұмыс істейді. Бағдарлама GNU General Public License лицензиясына сәйкес еркін таратылады және тегін, ыңғайлы веб-сервер болып табылады, ол динамикалық беттерді де өңдей алады. 2008 жылдың қазан айында XAMPP пакеттерінің жүктелуі 775 064 рет (33280 Гб) болған.
Қазіргі уақытта XAMPP веб-серверді орнатудың ең ыңғайлы жинақтарының бірі болып саналады.
XAMPP for Linux Linux нұсқасы Ubuntu, SuSE, RedHat, Mandriva, Debian жүйелерінде сыналған және мына құрамды қамтиды: Apache, MySQL, PHP 5 + PHP 4 & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libjpeg, libpng, gdbm, zlib, expat, Sablotron, libxml, Ming, Webalizer, pdf class, ncurses, mod_perl, FreeTDS, gettext, mcrypt, mhash, eAccelerator, SQLite және IMAP C-Client, FPDF. Әдепкіде жүйе іске қосылған сайын автоматты түрде жұмыс істемейді, қолмен қосу қажет. Дегенмен, жүйе жүктелгенде автоматты түрде іске қосылатындай етіп баптауға болады.
XAMPP for macOS macOS нұсқасы құрамына мыналарды қамтиды: Apache, MariaDB, PHP & PEAR + SQLite, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, GD, Freetype2, libpng, gdbm, zlib, expat, Sablotron, libxml, Ming, Webalizer, pdf class, ncurses, mod_perl, FreeTDS, gettext, IMAP C-Client, OpenLDAP, mcrypt, mhash, cUrl, libxslt, libapreq, FPDF, ICU4C Library, APR, APR-utils.
XAMPP for Solaris Solaris үшін нұсқасы Solaris 8-де жасалып, Solaris 9-да сыналған. Құрамында Apache, MySQL, PHP & PEAR, Perl, ProFTPD, phpMyAdmin, OpenSSL, Freetype2, libjpeg, libpng, zlib, expat, Ming, Webalizer, pdf class бар. Бұл нұсқа әзірге даму сатысында.
Талаптар мен ерекшеліктер XAMPP орнату үшін бар болғаны бір zip, tar немесе exe файлды жүктеу жеткілікті, әрі қосымшалардың ешқайсысына бөлек баптау қажет емес. Бағдарлама үнемі жаңартылып тұрады және Apache/MySQL/PHP пен Perl-дің жаңа нұсқаларын қамтиды. Сондай-ақ OpenSSL және phpMyAdmin секілді көптеген модульдермен бірге жеткізіледі.
Пайдаланушы интерфейсі қарапайым болғандықтан, оны «жалқауларға арналған жинақ» («lazy man’s WAMP/LAMP installation») деп те атайды.
XAMPP толық, стандартты және жеңілдетілген (XAMPP Lite) нұсқаларында таратылады. Қосымша модульдер бөлек жүктеуге қолжетімді. Сонымен қатар, zip, 7-zip, tar немесе exe форматындағы жаңарту пакеттері бар, олар арқылы барлық құрамдастарды жаңа нұсқаға жаңартуға болады.
Қолданылуы XAMPP бастапқыда әзірлеушілерге арналған құрал ретінде жасалды, ол веб-дизайнерлер мен бағдарламашыларға өз жұмыстарын интернетсіз тексеруге мүмкіндік береді. Ыңғайлы болу үшін кейбір мүмкіндіктер мен қауіпсіздік баптаулары әдепкіде сөндірілген. Сол себепті XAMPP тек сенімді ортада қолдануға ұсынылады. Дегенмен, кейде ол интернетте де пайдаланылады. Бағдарлама MySQL және SQLite дерекқорларын жасау мен басқаруды қолдайды. XAMPP көмегімен жергілікті компьютерге Уикипедияның жеке көшірмесін орнатуға да болады. MySQL сайтындағы XAMPP әзірлеушісімен сұхбат.(ағылш.)
Сілтемелер
Санат:MySQL Санат:PHP Санат:Ақпараттану