Альфред (Адольф) Эдмунд Брем (Brehm) (2 ақпан 1829 жылы, Тюрингиядағы Рентендорфта туған – 11 қараша 1884 жылы, сонда қайтыс болған) – неміс зоологы, саяхатшы. Білімі Иен университетін бітірген. Ғылыми жұмыстары 1863–67 жылдары Гамбургтегі хайуанаттар бағында директор болған. 1867–76 жылдары Берлинде аквариум салдырып, оның жұмысына жетекшілік еткен. Египет, Нубия, Судан, Абиссиния, Испания, Норвегия, Батыс Сібірге жасаған саяхаты кезінде жануарлар дүниесі жөнінде көптеген мәліметтер жинап, он томнан тұратын «» деген еңбегін жазды (1863–69 жылдары). Бірқатар шет тілдеріне аударылған бұл еңбектің көпшілікке табиғаттану білімін таратуда маңызы зор болды. Брем Сібір мен солтүстік-батыс Түркістанға (1877 жылы) саяхат кезінде Семейде болып, кейін бұл сапары жөнінде «Қырғыздардың тұрмысы мен отбасы» (1894 жылы), «Дала көшпенділері – малшылар» (1896 жылы) деген еңбектері жарық көрді. Онда Қазақстанның табиғи байлықтарымен қатар қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы, олардың айрықша қонақжайлылығы, әнге, музыкаға деген ерекше дарындылығы, тілінің мәнерлілігі жөнінде айтылады.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

Шығармалары

1. "Жануарлар тіршілігі", 1894 ;

2. “Қырғыздардың тұрмысы мен отбасы“, 1894;

3. "Дала көшпенділері – малшылар»", 1896;

Сілтемелер

1. «Брем Альфред Эдмунд»

2. «БРЕМ»

Дереккөздер</span>

Санат:1829 жылы туғандар Санат:1884 жылы қайтыс болғандар Санат:Германия зоологтары Санат:Германия саяхатшылары