Көлемдік талдау – анықталатын зат мөлшерін білу үшін ерітінділер, газдар, көлемдерін өлшеуге негізделген химиялық сандық талдау әдістерінің жиынтығы. Бұған титриметрлік талдау, кейбір газдық анализ әдістері, т.б. жатады. Жұмсалған реактивтің көлемі, оның құрамы, концентрациясы белгілі болғандықтан зерттелетін заттың мөлшерін анықтауға болады. Реакция толық аяқталғанын білу үшін арнаулы приборлар немесе индикаторлар қолданылады. Талдау жылдам және қарапайым орындалатындықтан лабораторияда, өндірісте Көлемдік талдау кеңінен қолданылады.“Қазақ энциклопедиясы” , 5 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Көлемдік талдау · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.