Араб мемлекеттері Лигасы (‎; Джамиғату ад-Дуали әл-Арабийя) – арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат еткен ұйым. Бас пәтері Мысыр астанасы – Каирда орналасқан.

Тарихы 1945 жылы 22 наурызда әл-Қаһира қаласында құрылған.http://www.history.com/this-day-in-history/arab-league-formed (ағылшынша) Араб лигасының құрылуы. History.com. 2014. Лиганың ресми штаб-пәтері Мысыр қаласы Каирдағы Бустан Сарайында болды. Құрамында басында 5 ел (Мысыр, Ирак , Сирия, Ливан, Иордания) болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазір лига 22 елді біріктіріп отыр. Олар (жоғарыда айтылғандардан басқа): Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибути, Эритрея, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Бахрейн, Кувейт, Палестина.

Жамағаттың жоғарғы құрымы – Сыртқы істер министрлерінің кеңесі. Кеңес жылына екі рет өтеді. Ұйымның тұрақты органдары – Бас хатшылық, Бас хатшы кеңсесі; арнайы күштерінің (саяси, әскери, заң, қаржы-экономикалық, мәдени, т.б.) штаб-пәтері Мысыр астанасы – әл-Қаһирада орналасқан.

Араб лигасы өз тарихында салыстырмалы түрде төмен деңгейде ынтымақтастыққа қол жеткізді. Майкл Барнетт пен Этел Солингеннің пікірінше, Араб Лигасының дизайны араб көшбасшыларының режимнің сақталуына деген жеке алаңдаушылығын көрсетеді. Араб елдерінің әр басшысы биліктен айырылудан қорыққандығынан, Араб Лигасы ынтымақтастық пен бірлікті жасаудағы нәтижесі нашар.Майкл Барнетт, Этел Солинген (2007), https://www.cambridge.org/core/books/crafting-cooperation/designed-to-fail-or-failure-of-design-the-origins-and-legacy-of-the-arab-league/5D266BBD41931A1E5D9CBE2266DABEBD Crafting Cooperation: Regional International Institutions in Comparative Perspective; Кэмбридж Университетінің прессасы.

Құрамы — 22 наурыз 1945 жыл. 26 наурыз 1979 - 23 мамыр 1989 жылдар аралығында Лига құрамынан шеттетілген. — 22 наурыз 1945 жыл.  — 22 наурыз 1945 жыл.  — 22 наурыз 1945 жыл.  — 22 наурыз 1945 жыл.  — 22 наурыз 1945 жыл (1949 жылға дейін — Трансиордания).  — 5 мамыр 1945 жыл. 1990 жылы Оңтүстік Йеменмен бірікті.  — 28 наурыз 1953 жыл.  — 19 қаңтар 1956 жыл.  — 1 қаңтар 1958 жыл.  — 1 қазан 1958 жыл.  — 20 шілде 1961 жыл.  — 16 тамыз 1962 жыл.  — 12 желтоқсан 1967 жыл. 1990 жылы Солтүстік Йеменмен бірікті.  — 11 қыркүйек 1971 жыл.  — 11 қыркүйек 1971 жыл. — 29 қыркүйек 1971 жыл.  — 6 желтоқсан 1971 жыл.  — 26 қараша 1973 жыл.  — 14 ақпан 1974 жыл. — 9 қыркүйек 1976 жыл.  — 4 қыркүйек 1977 жыл. Комор аралдары — 20 қараша 1993 жыл.

Бас хатшылары Абдул Рахман Хассан Аззам (1945—1952); Абдул Халек Хасуна (1952—1972); Махмуд Риад (1972—1979); Шедли Клиби (1979—1990); Ассад аль-Ассад (1990-1991); Ахмед Исмат Абдель Магид (1991—2001); Амр Муса (2001-2011); Набиль аль-Араби (2011-2016); Ахмед Әбол Ғейт (2016 жылдан бастап).

Саммиттері #ДатасыМемлекетҚала113–17 қаңтар 1964 Біріккен Араб РеспубликасыКаир25–11 қыркүйек 1964 Біріккен Араб РеспубликасыАлександрия313–17 қыркүйек 1965Касабланка429 тамыз 1967Хартум521–23 желтоқсан 1969Рабат626–28 қараша 1973Алжир729 қазан 1974Рабат825–26 қазан 1976Каир92-5 қараша 1978Бағдат1020–22 қараша 1979Тунис1121–22 қараша 1980Амман126–9 қыркүйек 1982Фес131985Касабланка148 қараша 1987Амман15маусым 1988Алжир161989Касабланка171990Бағдат181996Каир1927–28 наурыз 2001Амман2027–28 наурыз 2002Бейрут211 наурыз 2003Шарм-эш-Шейх2222–23 мамыр 2004Тунис2322–23 наурыз 2005Алжир2428–30 наурыз 2006Хартум2527–28 наурыз 2007Эр-Рияд2629–30 наурыз 2008Дамаск2728–30 наурыз 2009Доһа2827–28 наурыз 2010 Сирт2927–29 наурыз 2012Бағдат3021–27 наурыз 2013Доһа3125–26 наурыз 2014Кувейт3228–29 наурыз 2015Шарм-эш-Шейх3320 шілде 2016Нуакшот3423–29 наурыз 2017Амман3515 сәуір 2018Даһран3631 наурыз 2019Тунис371 қараша 2022Алжир Дереккөздер

Санат:Араб әлемі Санат:Халықаралық ұйымдар