.DOC немесе .doc () — белгілеуі бар немесе белгілеуі жоқ мәтіндік файлдардың кеңейтпесі.
.DOC кеңейтпесі көп жағдайда қарапайым, форматталған мәтіндік файлдарды белгілеу үшін қолданылатын, алайда кейінрек белгілеуі бар екілік форматтарға қолданылатын болды.
Майкрософт
1990 жж. Microsoft корпорациясы бұл кеңейтпені өзінің Microsoft Word мәтіндік процессоры проприетарлық формат файлдарының топшасына қатысты қолдана бастады. Microsoft-тың кеңсе өнімдерінің нарығындағы монополиясының нәтижесінде «DOC» бұл форматтағы файлдардың синониміне айналды. «.doc» кеңейтпесінің басқа да мағыналары IBM PC тұғырында іс-жүзінде қолданыстан шықты десе болады.
DOC форматының екілік файлдары, Microsoft-тың басқа форматтарын (RTF және т.б.) қолданатын, бірақ басқа өндірушілердің мәтіндік редакторларымен нашар үйлесетін құжат файлдарына қарағанда, мәтіннің форматталуы (мысалға, сценарийлер) жайлы бірқатар ақпаратты иемденеді.
2008 жылы Microsoft формат сипаттамасына қолданушылардың қолжетімділігін жүзеге асырды, бірақ оны тегін түрде тек коммерциялық емес мақсаттарда қолдануға болады. Кейіннен формат шартты түрде Microsoft Open Specification Promise тізіміне қосылды.
Ескертулер
Сыртқы сілтемелер Microsoft опубликовала спецификации на бинарный формат doc, xls и ppt
Тағы қараңыз Microsoft Office Word Электронды кітап Электронды қағаз IPad IPhone
Санат:Мәтіндік құжаттардың форматтары