thumb|240px Ауыл шаруашылығы экономикасы — экономика ғылымының ауыл шаруашылығындағы өндірістік қарым-қатынастарды зерттейтін саласы. Қазақстанда ауыл шаруашылығымен 50 мыңнан астам фермерлік шаруашылық, 8 мыңдай ауыл шаруашылығы кооперативтері, 500 акцион. қоғам және 50-ден астам ұжымшар айналысады (1997). Осындай шаруашылық құрылымы аймақтық ерекшеліктерді жүйелеуді, өндіріс көлемін анықтауды, шоғырландыру дәрежесін белгілеуді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, экономикалық көрсеткіштерді саралауды, ғылыми нәтижелер мен озық тәжірибелерді талдауды, теориялық-практикалық мәселелерді шешуді қажет етеді. Нарықтық экономика қатынастардың дамуы жаңа ауыл шаруашылығы экономикасы ғылымының алдына жаңа міндеттер қойып отыр (мысалы, жерді иеленудегі жеке меншік қатынастар т.б).

Қазақстанда ауыл шаруашылығы экономикасын зерттеу жұмыстары жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіледі.Қазақ энциклопедиясы

Қазіргі уақытта аграрлық саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, шағын және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына кеңінен тартуға, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға, сондай-ақ су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту тұжырымдамасы іске асырылудаҚазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысы // "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.

Қазақстанда мал шаруашылығының нашар дамуының негізгі себептері асыл тұқымды малдың үлесінің төмендеуі, сапалы жемшөп тапшылығы және жемшөп базасының жетілмегендігі, күтіп-бағудың қанағаттанарлықсыз жағдайлары, табиғи жайылымдарды жеткіліксіз пайдалану және олардың су көздерінен қашықтығы, ветеринариялық инфрақұрылымның әлсіздігі, өндірістің ұсақ тауарлы сипаты, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған қазіргі заманғы технологиялардың болмауы болып табылады.Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары. - Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты.

Дереккөздер

Сілтемелер Ауыл шаруашылығының дамуы және оның экономикалық рөлі Ауыл шаруашылығы, даму - Ғылыми жұмыс - Тегін рефераттар - www.Zox ...

Санат:Ауыл шаруашылығы