ЕКАТТЕ коды () — Болгария мемлекетінде өзін-өзі басқару субъектісін сейкестендіру үшін қолданылатын сандық код.

ЕКАТТЕ құрылымын 1995 жылы № 497 Болгария Республикасының Министрлер Кеңесі бекіткен болатын. Сыныптауыш () 1999 жылы 10 тамыздан бастап № 565 Болгария Республикасының Министрлер Кеңесі шешімімен қабылданды. Бұл сыныптауыш 1972—1974 жылдары жасалған ЕКНМ () сыныптауышын алмастырды.

ЕКАТТЕ коды бірліктер түріне байланысты бірнеше бөліктерден тұрады. Жалпы түрі келесідей форматта: облыс: ХХХ қауым: ХХХ99 кметство: ХХХ99-88 аудан: 66666-77,

мұндағы: ХХХ облыстың идентификациялық коды; 99 — облыстағы қауым нөмірі; 88 — қауымдағы кметства нөмірі; 77 — аудан нөмірі; 66666 — елді мекеннің ЕКАТТЕ бойынша идентификациялық коды.

Сыртқы сілтемелер ЕКАТТЕ ЕКАТТЕ туралы ЕКАТТЕ туралы

Санат:Болгария әкімшілік бөлінісі Санат:Жіктеушілер