Виктор Михайлович Скачков(18.01.1923, Ресей, Қорған облысы, Притобол ауданы, Давыдов селосы - 26.12.1944, Латвия, Тукумс өлкесі, Кандава қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия кіші техник-лейтенанты.
Скачков 5-сыныпты бітірген соң әке-шешесімен Қазақстанға (Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Қызыләскер ауылы) қоныс аударды. Мектеп бітіргеннен кейін Магнитогорск қаласындағы (Ресей) индустриялық техникумында оқыды. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына қосылды. Ұлы Отан соғысына бірінші күнінен қатысты. Ауыр шайқастарда Скачков үш рет жараланды. Госпитальдан кейін 1943 жылы Челябі танк училищесін механик-жүргізуші болып бітірді. Ол 8-гвардиялық айрықша танк полкінде ауыр танкінің механик-жүргізушісі болды. Полк құрамында Беларусь және Балтық жағалауы республикаларын азат етуге қатысты. 1944 жылдың 26 желтоқсанында танк полкі Кандава қаласы маңында (Латвия) жау бекінісін бұзып өту операциясына катысты. Осы ұрыста оның танкісін гитлершілер істен шығарды. Жанған танкіден әскерлерді шығарып жатқанда бак жарылып, барлығы осы жерде қаза тапты. Ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін Скачковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945).
Сондай-ақ ол Ленин, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.
Мамлют ауданы, Қызыләскер атындағы мектепке батырдың есімі берілген және бюст орнатылған. Кандава қаласында мемориалдық тақта бар.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:18 қаңтарда туғандар Санат:1923 жылы туғандар Санат:Притобол ауданында туғандар Санат:27 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Тукумс өлкесінде қайтыс болғандар Санат:КСРО кіші лейтенанттары Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Тукумс өлкесінде жерленгендер Санат:Мамлют ауданы тұлғалары Санат:Ульяновск гвардиялық жоғарғы әскери танк командалық училищесі түлектері Санат:КСРО танкистері Санат:Ұлы Отан соғысы танкистері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар