Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөнінде қол қойған заңдар мен заң күші бар жарғылар.1991 жылы 25 қазан «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы» және «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы» Жарлықтарына қол қойды. 10 желтоқсанда «Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы» Заңға қол қойды. 16 желтоқсанда - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңы және т.б. 1992 жылы қаңтарда - Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері құрылды. 13 қаңтарда - «Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы» Заңы, 6 наурызда - республикалық Ұланды құру туралы Жарлық,7 мамырда - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін кұру туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасы Қорганыс министрлігі етіп қайта құру туралы» Жарлықтар. 18 тамызда - «Қазақстан Республикасының Шекара әскерлері туралы» Жарлық, 25 тамызда - Жарлықпен Әскери анттың мәтіні бекітілді және т.б. 1993 жылы 13 қаңтарда - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заң және 19 қаңтарда - «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заң. 20 қаңтарда - «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң. 11 ақпанда - Қазақстан Республикасының алғашқы Әскери доктринасы және «Қарулы Күштерде қызметтен өтуге байланысты азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның құрылуы туралы» Жарлық бекітілді. 2 сәуір - «Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз Күштерін құру туралы» Жарлық;9 сәуір - «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы» Заң және т.б. 1995 жылы 19 мамыр - «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі мемлекеттік комитетін құру туралы» Жарлық,3 қазан - «Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. 5 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы туралы» Заң. 21 желтоқсан - «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң және т.б. 1996 жылы 17 қаңтар - «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мемлекеттік шекараны күзету тұжырымдамасы туралы» Жарлық. 24 қаңтар - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлық, 1 шілде - «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын кұру туралы» Жарлық. 18 шілде — «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандары туралы» Жарлық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің тулары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің жауынгерлік тулары және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны бекітілді. Бір мезгілде «Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы туралы ереже» қолданысқа енгізілді. 17 тамыз - Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз Күштерінің Туы көтерілді. 13 қыркүйекте ӘӘК Туын және ӘҚ әскерлері туын Қарулы Күштердің сол түрлерінің қолбасшыларына тапсырды және т.б. 1997 жылы 11 ақпан - «И.С.Конев атындағы Алматы жоғары әскери училищесін Қазақстан Республикасы қарулы Күштерінің Әскери академиясы етіп қайта құру туралы» және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Жарлықтар. 22 сәуір - «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» Жарлық. Жарлықты орындау мақсатында гарнизондарда әскери полиция бөлімшелерін құру басталды. 7 мамыр - «Азаматтық қорғаныс туралы» және 16 маусым - «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары. 17 қараша - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» Жарлық. Жарлықка сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Бас штаб болып қайта ұйымдастырылды және т.б. 1998 жылы 26 маусым - «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы». 27 қарашада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары Жарлықпен бекітілді. 30 желтоқсан - «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б. 1999 жылы 15 наурыз — «Мемлекеттік құпиялар туралы» және «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары. 7 мамыр - Қорғаныс минстрлігі және ҚР ҚК Бас штабы Астана қаласы көшірілді. 2 шілде - «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің қызметін жетілдіру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Жарлық. ҚР ҚК Мемлекеттік шекараны күзету күштері ҚР Ұлттық кауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі болып қайта ұйымдастырылды. ҚР ҚК Жоғары шекара командалық училищесі Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институты болып қайта ұйымдастырылды. 13 шілде - «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң және т.б. 2000 жылы 10 ақпан - ҚР жаңа Әскери доктринасы Жарлықпен бекітілді. 12 мамыр - «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбегі туралы» Жарлық. 6 шілде - «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымы туралы» Жарлық. 27 қараша - «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Заң және т.б. 2001 жылы 19 қаңтар - «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Заң, ақпанда Жарлық пен Қорғаныс минстрлігі мен Бас штабтың функциялары бөлінді. 20 наурыз - «Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы» Заң. 14 желтоқсан - «Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты бекіту туралы» Заң және т.б. 2002 жылы 27 ақпан - «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Жарлық. 21 қыркүйек - Ақмола облысы Щучинскте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери академиясының ашылуы. 7 мамыр - «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық тендер беру туралы» Жарлық. 16 мамыр - «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң және т.б. 2003 жылы 5 наурыз - «Соғыс жағдайы туралы» және 8 ақпан - «Төтенше жағдай туралы» Заңдар. 7 мамыр - «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық.16 мамыр - «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлық. 21 тамыз - «Әскери білім беру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық. 10 қыркүйек - «Әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру қуқығы мәселелері» Жарлық және т.б. 2004 жылы 17 қаңтар - «Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдары мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы» Жарлық және т.б. 2005 жылы 7 қаңтар - «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 18 ақпан - «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы», 21 ақпан - «Әскери полиция органдары туралы» және 8 шілде - «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдар және т.б. 2006 жылы 25 мамыр - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құра- лымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Жарлық, 8 шілде - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы» Жарлық. 12 желтоқсан - «Жоғары әскери атақтар, сыныптық шенді беру туралы» Жарлық. 2007 жылы 21 наурыз - «Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы» Жарлық.7 мамыр — «Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» Заң. 7 мамыр - «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлық.5 шілде - «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы» Жарлықтары және т.б. 2008 жылы 5 мамыр - «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлық және т.б. ҚР Президентінің әскери қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша қызметі,аумақтық ынтымақтастықта. 1995 жылы 25 қазан - Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және ҚХР арасындағы бұрынғы кеңес- қытай шекарасы ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісім. 1996 жылы 24 желтоқсан - «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы Келісімді бекіту туралы» Заң. 1997 жылы 10 қаңтар Бішкекте - Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы мәңгілік достық туралы Шарт. 24 сәуір Мәскеуде - Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халык Республикасы арасындағы Шекара ауданында кқрулы күштерді өзара қысқарту туралы келісім. 31 қазан - «Қа- зақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының арасындағы БҰҰ аясында ұжымдық бітімгершілік батальонын ұйымдастыру және құру туралы келісімді бекіту туралы» Заң. 1998 жылы 29 маусым - «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді бекіту туралы» Заң. 1999 жылы 6 сәуір - «Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасыныц арасындағы БҰҰ аясында ұжымдық бітімгершілік батальонын ұйымдастыру және құру туралы келісімді бекіту туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты бекіту туралы» Заңдар.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі заңдар мен заң күші бар жарғылар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.