Ермексу – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Түркістан қаласы жанынан ағып өтеді. Ұзындығы 88 км, су жиналатын алабы 743 км².
Бастауы Қаратау жотасының оңтүстік беткейінен бастау алып, Арыс-Түркістан каналына құяды.
Гидрологиясы Бастауында жағасы тік жартас, төменгі ағысында жағасы жайпақ, құмды. Өзен суы желтоқсанда қатып, наурыздың басында мұзы ериді. Тұздылығы 0,8 – 1,0 г/л. Суы егін суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы