thumb|right|190pxPeriploca graeca - Edwards.jpg Емшырмауық () – кендірлер тұқымдасына жататын бұта өсімдіктер туысы.

Жерорта теңізі жағалауларында, Африканың тропиктік, Азияның қоңыржай және субтропиктік аймақтарында тараған 15-тей түрі белгілі. Қазақстанда мәдени түрде өсірілетін 1 түрі – грек Емшырмауықы (Р. graeca) бар. Бұл биікт. 12 м-дей болатын шырмауық. Жапырақтарының пішіні эллипс немесе жұмыртқа тәрізді. Гүлдері ірі, диам. 3 см-дей болады, күңгірт жасыл түсті, у иісі шығып тұрады. Гүлдері цимозды (гүлі өсімдік ұшынан төмен қарай ашылатын) гүлшоғырына топталған. Жемісі – өте көп тұқымды жапырақша. Емшырмауықтың қабығында алкалоид, глюкозидтер бар, одан медицинада дәрі дайындалады. Улы өсімдік.Қазақ энцклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Кендірлер Санат:Түйешырмауықтар