Еділсор – Жалтыркөл көлінің шығысында 15 км жердегі қоныс. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында.
Теңіз деңгейінен 1 м төмен орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км-ге, енді жері 4,5 км-ге созылып жатыр. Қоныстың біршама бөлігін сор басқан. Солтүстік-шығысынан Қарақұдық каналының тармағы өтеді. Маңында Қарашакөл, Жыра, Өтепбай, т.б. қыстаулар орналасқан. Оңтүстігінен Орталық және Орта Азия газ құбыры өтеді. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Батыс Қазақстан облысы қоныстары Санат:Жаңақала ауданы географиясы