Скаляр (лат. scalaris — баспалдақты) — әр мәні бір ғана (нақты) санмен өрнектеле алатын шама. Скаляр үлгілілері ретінде ұзындық, аудан, уақыт, масса, тығыздық, температураны, т.б. келтіруге болады. “Скаляр” терминін 1843 ж. У.Гамильтон (1805 — 1865) енгізген. “Скаляр” термині векторлық есептеулерде қолданылады.

Абстрактты алгебрада — негізгі өріс элементі (мысалы, нақты сандар немесе комплекс сандар өрісі). Тензорлық есептеулерде — валенттік тензоры (0,0), координаттар жүйесі базисын ауытырғанда өзгермейді.

Тағы қараңыз

Псевдоскаляр Тензор Вектор Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Математика