Дәнек (Caryopsіs) – астық тұқымдасы өсімдіктердің қақырамайтын бір тұқымды құрғақ жемісі. Жемістің сыртындағы жеміссерігі өте жұқа жарғақ тәрізді, тұқым қауызымен тұтасып бітісіп кеткен. Өсімдік түріне қарай дәнектің пішіні дөңгелек (шар тәрізді – тарыда), жіңішке ұзынша цилиндр тәрізді (көде немесе бозда). Бамбук дәнегінің жеміссерігі қалың шырынды немесе жаңғақ тәрізді қатты, тұқымымен бірікпеген. Бидай мен қарабидай дәнегінің сырты жылтыр, қабыршақсыз, арпа, сұлы, күріште гүлқабыршағымен қапталған.Қазақ энциклопедиясыАйрауық, қамыс дәнектерінің сырты үлпекті, боз дәнегінде қауырсынды өскіншесі болады. Ұрық дәнектің эндоспермасындағы борпылдақ, қатты ақуыз және маймен қоректенеді. Дәнектің сыртындағы үлпектері мен қауырсынды өскіншелері алысқа таралуға көмектеседі. Дәнек – тамақ өнеркәсібінің негізі, бидай,арпа, жүгері, тары, күріштен – ұн, жарма жасалады, қауызы малға азық.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы