Дара – Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылының батысында 15 км жердегі қыстау.

Жайық өзенінің аңғарында. Бағырлай каналының батысында орналасқан.

Маңайы тегіс жазықты, солтүстігінде Сәлімшошақ, Құсайын, батысында Ақшкол, Жаңағали жайлауы, оңтүстік-батысында Бестөбе, т.б. қыстаулар бар. Аллювийлі жазықтағы сортаңды қоңыр топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, сұр жусан шөптесіндері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары Санат:Индер ауданы географиясы