Далазығыр () – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Таралуы Қазақстанда шөлді, далалы, әсіресе, таулы аймақтарда кездесетін 16 түрі бар.
Ботаникалық сипаты Сабақтары тік өседі, жоғары жағы бұтақты, біркелкі жапырақтанған. Жапырақтары отырыңқы, ұзынша, жиегі тегіс, үстінде бездері болады, сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері сары, кейде қызғылт күлгін, қалқанша гүлшоғырына топталған. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы ұзынша, сыртын түк басқан, қысқа айдаршасы болады. Далазығырдың көпшілік түрін сәндік үшін өсіреді. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстан флорасы