Бүркітті – Талас алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысы Сарысу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 248 км2.

Бастауы Бастауын Қаратаудың Үлкен Ақтау сілемінің солтүстік беткейінен алып, Жаңатас қаласының шығыс жағымен ағып өтіп, Шабақты өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Арнасы жоғарғы бөлігінде тар, жағасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Желтоқсан айының аяғында қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады.“Қазақ энциклопедиясы”, 2 том

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы өзендері Санат:Талас су алабы