thumb|right|200px|Бұлдырты ауылының мәдениет үйі Бұлдырты — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл, Бұлдырты ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 45 км-дей жерде, Бұлдырты өзенінің жағалауында орналасқан. Құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1990 адам (997 ер адам және 993 әйел адам) болса, 2009 жылы 1990 адамды (1016 ер адам және 974 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1547 адамды (815 ер адам және 732 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады, Самара-Шымкент жолынан 12 шақырым жерде орналасқан.

Бұлдырты ауылдық округіне 4 елді-мекен кіреді: Бұлдырты, Көкөріс, Қарақұдық және Жарқамыс.Қазақ энциклопедиясы, II том

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері