Ошақбай Асылбеков (1929-2004) – Қаныш Сәтбаевтың тәлімін көрген кенші. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1952). Еңбек жолының алғашқы төрт жылында журналист болып, кейіннен кенші болып қызмет істеген. 1958 жылы жаңадан құрылған Жезқазған таукен-металлургия комбинаты (құрамына Қарсақбай мыс қорыту зауыты, Жезқазған кен басқармасы енген) біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1969 жылы «Казмедьстрой» тресі біріккен партия комитетінің хатшысы, 1973 жылы Жезқазған қаласы партия комитетінің 1-хатшысы болып сайланады.

Ошақбай тәуелсіздік жылдары Қазақстанда жүргізілген реформаларға да белсене қатысты. Бірнеше ордендердің және медальдардың иегері.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар