Бесшоқы – Жақсы Тағылы және Қызылтас таулары аралығындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде орналасқан..
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1110 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 9 км-ге созылып жатыр. Енді жері 5 км. Солтүстік беткейінде түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстігінен Қарабидайық өзені мен бұлақтар бастау алады. Батысынан Қарағанды – Балқаш автомобиль жолы өтеді.
Геологиялық құрылымы Тас көмір граниті және гранодиориті қиып өтетін пермь, тас көмір, силур және девон кезеңдерінің эффузивті-тұнбалы шоғырларынан түзілген.
Өсімдігі Аласа таудың қызыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары