Белдеуқұрт - мініс атына дұрыс күтім жасамағандықтан өршитін дерт. Күнұзақ тынықтырылмай, ауыр жұмыстан соң суытпастан қаңтарып, үйдің белдеуіне ұзақ байланған ат белдеуқұрт ауруына ұшырайды. Ауру атауын соған байланысты белдеуқұрт деп атаған. Отты-сулы жерге арқандалып, ауыздығы алынып отықтырылған ат белдеуқұрттан тез айығады делінеді. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология