Бауырдақ сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: Бауырдақ (жез) — қамшының сабына өрімді мықтап үұтату үшін өрімнің «алақанының» үстінен әлгі сапты бойлай шегемен бекітілген ұзынша жездің атауы. Бауырдақ (білезік) — жүзік, білезіктің саусақ сұғатын шығырының ішкі жағы. Бауырдақ (жүзік) — үстіңгі тасы бес саусақты бірдей жауып тұратын жүзік. Бауырдақ (нәл) — аяқкиімнің өкшесіне қағылатын нәл. Бауырдақ (айыл) — төс айыл немесе ершік айылдың бір атауы Бауырдақ (таспа) — күш-көлік жабдығының құрамдас бөлігі ретінде арбаға жеккен аттың ершігін бекіту үшін колданылатын жалпақ қайыс таспа.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Бауырдақ · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.