Атыраулық суару тәсілі - ертедегі егін суару тәсілі. Бұл тәсіл өзен арнасын, жанама сай-салаларындагы суды бөгеп, реттеп, жиналган суды арықтармен егістікке таратып әкету принципіне құрылған. Ол үшін суды қарабурамен буу, тоғанның, шығыр қондырғыларды қолдану және т.б. тәсілдерді пайдаланған. Осылайша жиналған суды оман арық деп аталатын үлкен арықтарға біріктіре отырып, қажеттілігіне қарай суды егістікке жіберген. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Егін шаруашылығы